Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Appearance
Абай Құнанбайұлы
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап ойнап– күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыяма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырғаң?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
Міні қайда екенін біле алмассың
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас
Дүниеге ынтық, мәғшәрға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.