Надандық/А
Appearance
< Надандық
Аңқау елге арамза молда тұрып, балаларға сабақ оқытыпты-мыс. Молда жазу да танымайтын, надан өзбек екен, балалардың қолына қағаз беріп, шыймайлап оқытатын оқуы:
— Неке қияр ат болар; бала туса шат болар — оған асыл зат болар; ат қояры семіз ат; сүндет басы үш түйе; ысқат деген бес түйе.
Бір күндерде сол елге бір шын молда келіп, әлгі бала оқыған медресеге келіпті. Сонда арамза молда жалма-жан бір балаға, келген молдаға есіттіріп, сабақ берді дейді:
— Е-е, ме-е демелік, өзге былшыл не керек, он бес түйем, бір атым, жартысы сенікі, жартысы менікі.